21:13
Жаңа 2024 жыл құтты болсын! С Новым 2024 годом

Құрметті достар, сайтымыздың қонақтары, Жаңа 2024 жыл құтты болсын!Жаңа жыл сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін! 2024 жыл біздер үшін ерекше жылдың бірі болады, себебі күзде біз оқыған оқу орны өзінің 105 жылдығын атап өтеді, сондықтан алыстағы Украина еліне, жастық шағымыз өткен қаламыз  Житомирге, студент болған оқу орнымыз аман болсын, көркейе берсін. 2024 жыл Украина еліне жеңіс әкеліп, бейбітшілік орнасын. Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе-наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

Бір ескеретін жәйт, Ұлу жылы 1 қаңтар күні кірмейді, қазақтың жыл санауы бойынша Ұлу жылы наурыз айында кіретінін білгендеріңіз  жөн.

Дорогие друзья, гости сайта, поздравляме всех с Новым 2024 годом! Поздравляю с наступающим Новым годо 2024! Пусть следующий год станет лучше, чем предыдущий. Пусть уходящий год заберет с собой все проблемы, тревоги и страхи и сомнения. Пусть он принесет нам больше хороших новостей, веру в хорошее будущее, семейное счастье! Желаю, чтобы 2024 год завершилась эта кровавая война, и Украина отпраздновала свою победу.

Следующий год знаменателен тем, что наш вуз отметит свое 105-летие. Желаем городу Житомиру, нашей Альма матер мира, добра и процветания»

Просмотров: 138 | Добавил: Tursun | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
3 Balzat  
Жана жыл құтты болсын!! Жаңа жыл бақыт, жақсылық, аманшылық әкелсін!!
Ответ: 2024 жылы сізде көп қуаныш болсын! Әмин!

2 Ғайни- Жамал  
-1
Достар! Тағы бір жасымызды артқа тастап, Жаңа жылға, Жаңа жасқа қадам басқалы отырмыз. Сіздерге ашық аспан, ырыс - береке, зор денсаулық тілеймін! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болып айдан аман, жылдан есен өте беріңіздер
Ответ: Құтты болсын! Жаңа жылы өзіңізде, отбасыңызда тек жақсы жаңалықтар болсын!

1 Biken  
Жаңа жыл құтты болсын, достар!!! 2025 жыл берекелi, бақытты жыл болсын!!!
Ответ: 2024 жылы сізде көп қуаныш болсын! Әмин!

Имя *:
Email *:
Код *: